Петропавлда жылыту маусымы басталғалы 717 нысан жылуға қосылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
«Севказэнерго» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, Петропавлда жылыту маусымы 1 қазаннан басталды. Алдымен әлеуметтік маңызы бар нысандарға жылуды беру жоспарланып отыр.
– Бүгіндері қаланың 118 әлеуметтік нысаны, 31 денсаулық сақтау мекемесі, 258 көпқабатты баспана мен 233 жеке тұрғын үйге жылу берілді. Сондай-ақ қосалқы 77 ғимарат жылыту жүйесіне қосылды, — дейді баспасөз қызметіндегілер.
Жалпы облыс орталығында орталықтандырылған жылыту жүйесіне 1135 баспана қосылған. Жоспар бойынша алдағы 7 күннің ішінде барлық нысандар жылумен қамтылады