Еліміздің аса маңызды нысандарына жасалған 163,4 миллион кибершабуылға тойтарыс берілген

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Президент «Мемлекеттік техникалық қызмет» акционерлік қоғамына барды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мекеме қызметімен танысу барысында Мемлекет басшысына Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісінің қазіргі жай-күйі және қабылданып жатқан шаралар жөнінде мәлімет берілді.

Президентке Ақпараттық қауіпсіздіктің ұлттық үйлестіру орталығының, Телекоммуникация желілерін басқару орталығының, сондай-ақ Компьютерлік инциденттерге қарсы ұлттық әрекет ету қызметінің және Зиянды кодты зерттеу орталығының жұмыс процесі мен нәтижелері таныстырылды.

Президентке биыл 9 ай ішінде мемлекеттік органдардың ресурстары мен еліміздің аса маңызды нысандарына жасалған 163,4 миллион кибершабуылға тойтарыс берілгені жөнінде баяндалды.

Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің ақпараттық инфрақұрылымының тұрақты қызметін қамтамасыз ететін және осы саладағы қауіпсіздікке төнген кез келген қатерге төтеп беретін механизмдерді дамыту маңызды екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы аталған қызметті жетілдіру мәселелеріне қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz