Облысқа Қорған қаласынан «Гулливер» қуыршақ театрының актерлері келді. Ресейлік ұжым Петропавлда «Күлше қыз» ертегісін сахналамақ, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Спектакльдің қоюшы режиссері – Томаш Альферы. Алена есімді қуыршақты басқаратын Анна Лазареваның айтуынша, басты рөлдегі кейіпкерлің образы арқылы балалардың бойына мейірімділікті, шыншылдық пен еңбекқорлықты сіңіру қажет.
Бұл спектакль қос өнер ордасы ортасында бекітілген меморандум аясында қойылып отыр. Облыстық қуыршақ театрының көркемдік жетекшісі Айбол Қасымның айтуынша, былтырғы жылы жергілікті актерлар Қорған қаласына барып, өз өнерлерін паш еткен. Ал биыл олар бізге қонаққа келіп отыр. Ал «Күлше қызды» көруге асыққан көрерменнің қарасы көп.
Облыстық қуыршақ театрының ұжымы тәжірибелерін арттыру мақсатында қазан айында Шымкентте өтетін халықаралық фестивальге қатысуды жоспарлап отыр.