Негізсіз түскен салық

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО-да 8 мыңнан астам табиғат пайдаланушысы мемлекетке негізсіз 321,4 млн.теңге көлемінде салық төлеген, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

 

Облыс прокурорлары табиғатты пайдалану саласына талдау жүргізіп, негізсіз бюджетке түскен салық көлемін анықтады.

2022 – 2023 жылдары «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодекстің 574-бабын бұзу фактілері белгілі болды. Осылайша өңір кәсіпкерлерінен негізсіз алынған төлемдер мөлшері 321,4 млн. теңгені құрады. Енді мемлекет бұл қомақты қаражатты табиғат пайдаланушыларына қайтармақшы.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша облыстық мемлекеттік кірістер департаменті берілген өтініштер негізінде субъектілерге 11,8 млн. теңге сомаға ақша қаражатын қайтарды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz