Есіл ауданының орталығы Явленка ауылының көшелерін жарықтандыруға 21 млн. теңге бөлініп, алтауына жарық шамдары орнатылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Явленка ауылдық округі әкімдігінің мәліметінше, биыл Есіл ауданының орталығында 155 шам орнатылды.
– Тиісті жұмыстармен «Есіл-Электросервис» және «Томирис» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері айналысты. Көшелерде 40 баға қойып, жарық желілерін тартты, — дейді Явленка ауылдық округінің әкімі Мыңайдар Тілеукин.