Шайбалы хоккейден ел біріншілігі басталды. Чемпионат аясында «Құлагер» клубы өз мұз айдынында алматылық «Алматы» командасын қабылдады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Біріншіліктің бірінші ойынында жерлестеріміз алматылық ұжымды қапы қалдырып, 4:3 есебімен тізе бүктірді. «Құлагер» клубы сапында Александр Своеволин, Алексей Закарлюкин бір-бір шайбадан соғып көзге түссе, Евгений Лызин дубль авторы атанды. Ал «Алматы» командасында Егор Кожевников екі нәтижилі соққы жасаса, Сергей Твердохлебов бір голды еншісіне жазды.
Қарымта кездесуде қонақтар бірінші ойындағы есені қайтарды. Осылайша «Алматы» клубының хоккейшілері 2:4 есебімен жеңіске жетті.