Шайбалы хоккейден ел біріншілігі аясында жергілікті «Құлагер» клубы өз мұз айдынында өзбекстандық «Humo» командасын қабылдады. Бұл кездесу қонақтардың пайдасына аяқталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Кездесудің бірінші минуттарынан бастап, «Humo» хоккейшілері ойын тізгінін өз қолдарына алды. Нәтижесінде есепті бірінші болып, өзбекстандық команда ашты. Алғашқы шайбаның авторы Илья Назаревич атанды. Кейін жерлестеріміз таразы басын теңестіруге тырысты. Алайда Иван Фищенко есепті еселеді. Көп ұзамай қонақтар тағы бір нәтижелі соққы жасап, 0:3 есебімен бірінші кезеңді аяқтады.
Ойынның екінші бөлімін жерлестеріміз ширақ бастап, «Құлагер» сапында Тамерлан Бейсембиев көзге түсті. Бұл жергілікті хоккейшілердің қуанышы көпке ұзамады. Кейін қонақтар сапында Артем Мальцев, Никита Свицицкий, Жавохир Расулов, Егор Дорофеев пен Вадим Кравченколар солтүстікқазақстандықтар аямай, қорытынды есепті 1:8-ге дейін жеткізді.
Бұл командалардың қарымта ойыны бүгін Петропавлдағы Спор сарайында сағат 19:00-де өтеді деп жоспарланып отыр.