«Amanat» партиясының атынан аудан әкімдерінің сайлауына түсетін кандидаттар тіркелді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Есіл, Мамлют және Тимирязев аудандарының аумақтық сайлау комиссиялары «Amanat» партиясынан ұсынылған кандидаттарды тіркеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

«Amanat» партиясының Есіл аудандық филиалынан үміткер ретінде аудан әкімінің міндетін атқарушы Мереке Мұхамедьяров, Мамлют филиалынан Леденёво ауылдық округінің әкімі Абзал Исманов, Тимирязев филиалынан аудан әкімі Ерлан Жаровтың кандидатурасы тіркелді.

Аудан әкімдерінің алғашқы тікелей сайлауы Қазақстанда 5 қарашада өтеді. Сайлау 45 аудан мен облыстық маңызы бар қалада өтеді.

Сайлау алдындағы үгіт-насихат науқаны қазанның 10-ы күні сағат 18.00-ден басталып, қарашаның 4-і күні сағат 00.00-ге дейін жалғасады.

2021 жылдан бастап облыста 175 ауылдық округтің әкімдері сайланды, соның ішінде 155 адам «Amanat» партиясынан ұсынылды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz