М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті жоғары оқу орындарының ішінде алғашқылардың бірі болып Академиялық адалдық лигасына қосылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі
Университетте 2018 жылдан бастап «Sanaly Urpaq» жобалық кеңсесі ашылған, мұнда студенттер арасынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы белсенділер тобы да құрылды. Ерікті прокторлар ретінде олар емтихан тәртібін, академиялық адалдықтың сақталуын тексереді. Осының барлығы «Таза сессия» акциясы аясында жүйелі түрде жүзеге асырылады.
Университеттің веб-сайтында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» онлайн-порталы жұмыс істейді. Онда оқу үдерісінде босатылған бос мемлекеттік білім гранттар, жатақханадағы бос орындар, студенттердің үлгерімі туралы деректер және сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлауға болатын арналар туралы ақпараттар бар. Жатақханаға орналасу қызметі де онлайн режімде көрсетіледі.