Қызылжар төрінде — театрлар фестивалі

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда мемлекет қайраткері Темірбек Жүргеновтің мерейтойына орай Қазақстан драма театрларының республикалық фестивалі салтанатты түрде ашылды. Шараға облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

 

Фестивальдің салтанатты ашылуы С.Мұқанов атындағы қазақ сазды-драма театрында өтті. Мәдени шараға Алматы, Ақтау, Қарағанды, Павлодар, Талдықорған, Жезқазған және Түркістаннан 10 театр қатысады.

Фестивальге еліміздің халық әртісі Асанәлі Әшімов арнайы келді.

— Өңірімізде фестивальдің өтуі — айтулы оқиға. Тарихқа көз жүгіртсек, Солтүстік Қазақстан – көптеген талантты драматургтер мен жазушылардың туған жері. Ғабит Мүсірепов, Мағжан Жұмабаев, Иван Шухов және Сәбит Мұқановтың шығармалары еліміздің театрларында сахналануда. Алдағы бір апта бойы еліміздің үздік театрлары көрермендердің назарына қойылымдарды ұсынады. Республикалық фестиваль қатысушыларына шабыт пен  шығармашылық табыс тілеймін, — деп жазды әлеуметтік желідегі жеке парақшасында облыс әкім Ғауез Нұрмұхамбетов.

photo 5271661242026676092 yphoto 5271661242026676095 yphoto 5271661242026676094 y

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz