Бір жылдың ішінде жаңа пәтерлер құны қаншаға қымбаттаған

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
Ұлттық статистика бюросы өткен жылмен салыстырғанда Қазақстанда жаңа тұрғын үйден пәтер сатып алу қаншалықты қымбаттағанын сипаттайтын ақпаратпен бөлісті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

 

Ұлттық статистика бюросының хабарлауынша, бір жылдың ішінде жаңа тұрғын үйлердегі пәтер бағасы 5,7%-ға өсіп, ал екінші тұрғын үй нарығында пәтерлерді қайта сату бағасы, керісінше 3,9%-ға төмендеді.

Ұлттық статистика бюросы өткен жылдың қыркүйегімен салыстырғанда елімізде пәтерді жалға алу құны төмендегенін нақтылайды. Рас, бұл жалпы Қазақстан бойынша беріліп отырған бағам, әйтпесе жекелеген қалаларда баспананы жалға алу құны онша төмендемеген.

— Абаттандырылған тұрғын үйден пәтер жалдау төлемі өткен жылғы тиісті аймен салыстырғанда 2023 жылғы қыркүйекте 0,2%-ға төмендеді, — делінген хабарламада.

Құзырлы ведомство мәліметінше, жаңа тұрғын үй кешеніндегі пәтердің 1 шаршы метрі 493 705 теңгені құрайды. Ал екінші тұрғын үй нарығындағы пәтерлер – 485 928 теңге. Ал орташа есеппен алғанда пәтерді жалға алудағы құн 1 шаршы метріне 4  715 теңгеден келеді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz