Шайбалы хоккейден ел чемпионаты аясында «Құлагер» клубы өзбекстандық «Humo» командасына қарымта кездесу өткізді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Бұл командалар арасында өткен алғашқы ойын «Humo» хоккейшілерінің пайдасына аяқталды. Қарымта кездесуде жерлестеріміз есені қайтаруға тырысып, матчта бірінші болып есеп ашты. Нәтижелі соққының авторы — Виталий Шульга. Кейін солтүстікқазақстандықтарда есепті еселеуге бірнеше мүмкіндік болды.
Ойынның екінші кезеңінде қонақтар таразы басын теңестірді. Шайбаны «Humo» клубының ойыншысы Александр Коннов салды. Одан соң өзбекстандықтар қарқындарынан таймай кездесудің үшінші бөлімінде тағы екі нәтижелі соққыны «Құлагер» командасының қақпасына дарытты. Осы жолы Артем Мальцев пен Павел Синявский шайба авторлары атанды. Қорытынды есеп 1:3.