Полицейдің қызметіне кедергі келтірген азамат жауапқа тартылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО-да ауыл тұрғыны учаскелік полиция инспекторына отбасылық жанжал бойынша шақыруға келгенде кедергі келтіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қазанның 6-сы күні Мамлют ауданының полиция бөліміне Мамлютка қаласының Железнодорожная көшесінде тұратын 57 жастағы ер адамның қатысуымен болған отбасылық жанжал туралы хабарлама келіп түсті. Аталған мекенжайға учаскелік полиция инспекторы барды. Жанжалқойға қатысты материал жинау барысында тәртіп сақшының жұмысына көрші тұратын аудан орталығының басқа 40 жастағы тұрғыны кедергі келтірген. Полицейдің отбасылық дау-дамайға шақыруға кедергі жасамау туралы өтініштеріне ер адам құлақ аспады.

Отбасылық жанжал үшін ұсталған 57 жастағы ер адам полиция бөліміне жеткізілгеннен кейін, учаскелік полиция қызметкері Мамлютканың 40 жастағы тұрғынының үйіне барды. Полицейлер ер адамның әңгімелесу және хаттама рәсімдеу үшін көшеге шығуын өтінді. Алайда учаскелік инспекторды көргенде, үй иесі жеке үйінің ауласына тұмылдырығы жоқ итін босатып жіберіп, учаскелік полиция инспекторымен сөйлесу үшін үйдің қоршауынан шығудан бас тартқан. Осы факті бойынша 40 жастағы ауыл тұрғынына қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 667-бабының 2-бөлігі бойынша материал жиналып, процестік шешім қабылдау үшін аудандық сотқа жіберілді. Бұл баптың санкциясы он бес тәуліктен жиырма тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуды көздейді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz