«Аrtemia salina» шаяндарын аулаған қала тұрғыны ұсталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО полицейлері «Аrtemia salina» шаяндарын заңсыз аулаудың жолын кесті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО-да табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері Мамлют ауданындағы Меңгесер көлінің жағасында өткізілген кезекті рейд барысында Петропавл қаласының 46 жастағы тұрғынын тоқтатты. Одан құм тәрізді зат салынған қап пен торлы дорба тәркіленді. Болжам бойынша бұл биоқосындыларды өндіруде және косметикалық өнеркәсіпте сұранысқа ие «Аrtemia salina» шаяндарының жұмыртқалары.

– Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексінің 335-бабы бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Сараптама тағайындалды. Жалпы жыл басынан облыста табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері 863 әкімшілік құқық бұзушылықты, оның ішінде аңшылық ережелерінің – 576, балық аулау ережелерінің – 282 бұзушылығын және заңсыз ағаш кесудің 2 фактісін анықтады. 14 қылмыстық іс қозғалды, оның 9-ы заңсыз аңшылық бойынша тіркелген, – дейді СҚО ПД жергілікті полиция қызметі басқармасы табиғатты қорғау полициясы тобының аға инспекторы Асхат Қожабаев.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz