Жыл соңына дейін шетелден тағы 180 млрд. теңге қайтарылады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

2022 жылдан бастап заңсыз шығарылған 857 млрд. теңге елімізге қайтарылды. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметінің басшысы Қанат Cүлейменов айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Kazinform агенттігіне сілтеме жасап.

 

— Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет былтырдан бастап қазірге дейін 857 млрд теңге қайтарды. Бұл сомада шетелден қайтарылған қаражат пен жылжымайтын мүлік те қамтылып отыр. Мәселен, ӨКМ Операторы ісі бойынша үкім шыққан болатын және оның аясында 180 млрд теңге қайтарылды. Бұл қаражаттың бір бөлігі жеңілдікпен автонесие беруге бағытталған еді. Жалпы, қайтарылған қаржы еліміздегі әлеуметтік саладағы мәселелерді шешуге жұмсалады, — деді Қанат Сүлейменов Amanat партиясында өткен баспасөз мәслихатында.

Сонымен қатар ол жыл соңына дейін қанша актив қайтарылуы мүмкін екенін айтты.

— Биылғы жылдың аяғына дейін тағы 180 млрд теңге қайтару жоспарланған. Бұл қаражат сомасына шетелдегі ақша мен жылжымайтын мүлік, қымбат көліктер кіріп отыр. Қазір бұл істер тергеліп жатыр, — деді агенттік өкілі.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz