20-ға жуық ота жасалады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлдағы кардиология орталығында тәулігіне жүрекке шамамен 20 ота жасалады. Емдеу мекемесіндегі ең ұзаққа созылатын ота – аорта коронарлы шунттау болып табылады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Кардиохирург-дәрігер Вячеслав Кимнің сөзінше, күретамырды аорто коронарлы шунттау – жүректің ишемиялық ауруымен ауыратын адамдардың денсаулығын қалпына келтіру мақсатында жасалады. Ол дәрілік терапия көмектеспеген жағдайда миокард инфарктісінің алдын алу үшін жүргізіледі.

– Аорто коронарлық шунттау операциясын жасаудағы мақсат – жүрек бұлшықетін қажетті қанмен қамтамасыз ету, тарылған қантамырда қан ағымын жақсарту. Хирургтардың міндеті –зардап шеккен коронарлық тамыр аймағында жүрек бұлшықетін артериялық қанмен толық қамтамасыз ету үшін жаңа арна құру. Ота нәтижесінде кейіннен миокард инфарктісінің пайда болу қаупі айтарлықтай төмендейді және стенокардия, ентігу, дәрі-дәрмекке тәуелділігі төмендеп, физикалық жағдайының жақсаруынан науқастың өмірі ұзарады, – дейді дәрігер.

Аорта коронарлық шунттау отасы 3-6 сағатқа созылуы мүмкін. Операцияның ұзақтығы оның күрделілігіне және науқастың жеке ерекшеліктеріне байланысты.

Жалпы облыстық кардиология орталығына бір жылда орта есеппен 3 мыңға жуық адам қаралуға келеді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz