ҰОС ардагері Иван Клименко өмірден өтті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Ұлы Отан соғысының ардагері Иван Клименко 96 жасына қараған шағында соғыс ардагері өмірден өтті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Иван Трофимович Клименко 17 жасында майданға аттанып, Шығыс Пруссия мен Қиыр шығыста қанды ұрыстарға қатысты. Ол ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, түрлі медалдармен марапатталған.

Елге оралған соң Солтүстік Қазақстан облысы мен Алматы қаласындағы нысандардың құрылысына атсалысты. Тек  78 жасында құрметті демалысқа шықты.

СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов ардагердің отбасы мен жақындарына әлеуметтік желідегі жеке парақшасында көңіл айтты.

Иван Трофимович – өз заманының қаһарманы, еліміздің тарихындағы қиын кезеңнен сүрінбей өткен азамат. Оның өмірі мен еңбек жолы өскелең ұрпаққа жарқын үлгі. Біз ардагерлеріміздің ерліктерін әрдайым есте сақтауымыз керек. Иван Трофимовичтың жарқын бейнесі мәңгі жадымызда, — деп жазды облыс әкімі әлеуметтік желідегі парақшасында.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz