Облыста 5 мыңнан астам адам баспаналы болады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Солтүстік Қазақстан облысында 5 мыңнан астам адам тұрғын үй жағдайын жақсартады. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Гауез Нұрмұхамбетов айтты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

— Биыл өңірде 300 мың шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланған. Петропавлда бірнеше перспективалы шағын аудандар бой көтеріп, кеңеюде. Қазіргі уақытта «Жас Өркен», «Береке», «Қопай» және «Орталық» шағын аудандарда құрылыстар жалғасуда. Биыл 24 көппәтерлі үй, оның ішінде Петропавлда 22 және аудан орталықтарында 2 тұрғын үйді қолданысқа берілмек. Оның 8-і — бюджет есебінен, 16-сы – коммерциялық. Нәтижесінде 5 мыңнан астам адамның тұрғын үй жағдайы жақсарады, — деді СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

Ғауез Нұрмұхамбетовтың айтуынша, алдағы жылы 1941 пәтерді қамтитын 26 үй салынады. Оның ішінде Петропавлда 23 үй және аудан орталықтарында 3 үй салынбақ. Үш жылдың ішінде шамамен 1 млн шаршы метр тұрғын үй салу жоспарланып отыр.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz