Петропавлдағы Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясында айтыскерлер сыныбы ашылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Соңғы жылдары өңірімізде айтыс өнері дамып келеді. Оған дәлел — республикалық байқауларда облыс намысын қорғап жүрген саңлақтардың жүлдегерлер қатарынан көрінуі.
Әрине айтыс өнерін одан әрі дамыту қажет. Бұл мақсатты ұстанған облыстық білім басқармасының өкілдері Петропавлдағы Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясында айтыскерлер сыныбын ашты. Тың бастаманы қолға алған өңірге есімі белгілі айтыскер ақын Жарқын Жұпарханның еңбегі де жоқ емес.
— Айтыс — ұлтымыздың өнері. Оны жаңғыртып, дамыту біздің қолымызда деп есептеймін. Жаңа ашылған сыныпта дарынды балаларымыз өз шеберліктерін шыңдайды. Кейін облыстық және республикалық сындарға қатысуға мүмкіндік алады, — дейді айтыскер ақын Жарқын Жұпархан.