СҚО-да 25 баспана халық игілігіне беріледі

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Биыл өңірде тұрғызылып жатқан 49 көппәтерлі үйдің 25-сі қолданысқа беріледі. Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен аппарат кеңесінде белгілі болды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі. 

 

СҚО құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының мәліметінше, биыл өңірде баспана тұрғызу мәселесі өзекті болып отыр. Мәселен, бүгіннің өзінде қала әкімдігінде кезекте тұрған азаматтар қатарын азайту мақсатында облыс орталығында 44 үй, тағы 5-уі аудандарда салынып жатыр.

 

— Жыл соңына дейін өңірде 25 баспана халық игілігіне беріледі. Оның 23-і — облыс орталығында. Нәтижесінде қалалықтардың 1649-ы құтты шаңырақтарына қоныстанады деп күтілуде. Құрылыс жұмыстары «Береке», «Орталық», «Копай» және «Жас өркен» шағынаудандарында жүргізілуде, — дейді СҚО құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының жетекшісі Қайролла Ғалеев.

Жыл басынан бері облыста 504 пәтерге шақталған 10 баспана қолданысқа берілді. 2024 жылы 12 үй пайдалануға берілмекші.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz