Шайбалы хоккейден ел біріншілігі аясында «Құлагер» клубы сырт алаңда павлодарлық «Ертіс» командасы есе жіберді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Павлодарда өткен бірінші кездесуде жерлестеріміз «Ертіс» командасы 3:2 есебімен жеңілді. Ойында алғашқы шайбаны құлагерліктер салды. Нәтижелі соққының авторы Глеб Штайгер атанды. Кейін солтүстікқазақстандық 2-ші шайбаны қақпаға дәл дарыта алды. Бұл жолы Александр Дзедаев көзге түсті. Мұз алаңының иелері де қарап қалмай, Артем Севанькаев есеп айырмасын қысқартты.
Екінші кезеңде павлодарлықтар таразы басын теңестіріп, ойынның үшінші бөлімінде алға шықты. Осылайша кездесу 3:2 есебімен аяқталып, жеңіс «Ертіс» командасына бұйырды.