Жерлестеріміз өскемендік «Торпедо» клубынан басым түсті

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Шайбалы хоккейден ел біріншілігі аясында «Құлагер» клубы Өскеменде «Торпедо» командасына қарсы ойын өткізді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Өскемен қаласында өткен ойында жерлестеріміз жеңіске жетті. Бұл кездесуде жеңімпаз булиттер сериясында анықталды.

Ойын басталысымен «Торпедо» клубының ойыншылары шабуылдауға кірісті. Нәтижесінде мұз айдынының иелері есепті бірінші болып ашты. Шайба авторы — Станислав Тунхузин. Кейін жерлестеріміз таразы басын теңестіруге тырысты. Кездесудің екінші кезеңінде «Құлагер» командасы сапында Денис Сергушкин көзге түсті.

Үшінші бөлімде өскемендіктер екінші шайбаны қақпаға дәл дарыта алды. Дегенмен «Торпедо» командасын есе жібермеуге тырысқан солтүстікқазақстандар барын салып, есепті теңестіріп қана қоймай, алға шықты. Ойынның аяқталуына 1 минут қалғанда таблода 3:3 есебі тіркелді. Осылайша қосымша уақыттан соң кездесуде булиттер сериясы тағайындалды. Бұл тартыста «Құлагер» клубының мысы басым болды.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz