Республика күніне орай «Amanat» партиясының «Болашақ» филиалы Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің студенттерімен бірлесіп, қарттар үйінде концерт ұйымдастырды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Жастар қарттарды ұлттық мерекемен құттықтап, концерттік бағдарлама аясында патриоттық әндер шырқады.
– Біз қазыналы қарттарымызға қамқорлық көрсеткіміз келді. Осылайша ұрпақтар сабақтастығын одан әрі нығайтуға тырыстық. Біздің басты міндетіміз – қарияларға көңіл бөлу, — дейді Манаш Қозыбаев атындағы СҚУ студенті Анжела Щербинина.
Республика күнін мерекелеу аясында «Amanat» партиясының белсенділері өңір бойынша концерттер, ғылыми конференциялар, шығармашылық конкурстар, спорттық жарыстар, қайырымдылық акцияларды ұйымдастыруды қолға алды