Облыстық әкімдіктің кезекті отырысында өңірде 9 ай ішінде атқарылған жұмыстар қорытындыланды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов тиісті басқарма басшыларына 2023 жылдың соңына дейін әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштерінің орындалуын қамтамасыз етуді, бекітілген жоспарға сәйкес ай сайын инвестиция тартуды қамтамасыз етуді тапсырды.
Жиында бюджеттің кіріс және шығыс бөліктері де талқыланды. Өңір басшысы атқарушылық және қаржылық тәртіпті күшейту қажеттігін атап өтті. Сондай-ақ жұмыс істеп тұрған өндіріс орындарын кеңейтіп, тұрақты жұмыс орындарын ашу арқылы жаңа жобаларды жүзеге асыруды тапсырды.
Отырыста өңірді электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету жайы да қозғалды. Ғауез Нұрмұхамбетов қыс мезгілінде электрмен жабдықтау жүйелерінің апаттық сөндірілуіне қатысты жағдайды ерекше бақылауда ұстау маңызды екенін атап өтті.
– Төтенше жағдайлар туындағанда дереу тиісті шараларды қабылдау керек. Сондай-ақ желілерді талапқа сай күтіп ұстау, технологиялық бұзушылықтарды дереу жою, жедел топтардың дайындығын тексеру маңызды, — деді СҚО әкімі.