Петропавлда 3 жасар бала түтінге тұншығып қайтты

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлдағы көпқабатты үйлердің бірінде өрт оқиғасы тіркеліп, 3 жасар бала қаза тапты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

СҚО ТЖД департаментінің мәліметінше, Жуков, 23 мекенжайы бойынша орналасқан үйде өрт жайлы хабар құтқарушылардың «101» пультіне бүгін сағат 10:00-де түсті. Оқиға орнына дереу өртсөндірушілер жіберілді.

– Көпқабатты үйдегі пәтердің бірінде өрт шықты. Тұрғындардың жеке заттары мен жиһазы отқа оранды. Төтенше жағдай орнында 3 жасар бала табылды. Ол дереу жедел жәрдем қызметкерлеріне берілді, — дейді Петропавл қаласы ТЖБ бастығы Назымбек Елемесов.

СҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына жетіп, қосымша мамандарды шақыртты. Дәрігерлер түтінге тұншыққан балаға реанимациялық шараларды қолданды. 40 минут бойы бүлдіршіннің өмірі үшін күрескен мамандардың көмегі еш нәтиже бермеді. Бала оқиға орнында көз жұмды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz