Тәртіп сақшысы «Покровка – Корнеевка» тас жолында көлігі бұзылып тоқтап қалған жүргізушіге көмектесті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО ПД хабарлауынша, Есіл ауданында Таранғұл ауылының маңындағы «Покровка — Корнеевка» автожолында Таранғұл ауылдық округінің учаскелік полиция инспекторы Сергей Мельников бұзылған рейстік автобусты байқаған. Оның салонында 24 жолаушы болған.
Полиция қызметкері автобустың алдына қызметтік көлікті қойып, жыпылықтайтын маяктарды қосты. Кейін көмекке келген ТЖ бөлімінің қызметкерлері сағат 20:30 шамасында жолаушыларға ыстық тамақ беріп, жақын маңда тұратын жолаушыларды ілеспе көлікпен тасымалдау үшін шаралар қабылдады, қалғандары облыс орталығынан келген екінші автобусқа отырғызды.
– Полиция қызметкері жағдай шешілгенге дейін оқиға орнында болып, жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, адамдарды құтқарушылармен бірге эвакуациялауға көмеектесті. Жүргізушілерді қырағы болуға шақырамыз. Жолдың қиын учаскелерінде, елді мекендерге жақын жерде жылдамдықты төмендетіңіздер. Көлік құралының техникалық жағдайын сапар алдында тексеріп алған жөн, – дейді Есіл ауданының ПБ бастығы Ерлік Еслямбеков.