2024 жылы кәмелеттік жасқа толған қазақстандықтар «Ұлттық қор — балаларға» жобасы бойынша төлемдерді 1 ақпаннан кейін алатын болады. Бұл туралы ҚР Қаржы вице-министрі Дәурен Темірбеков айтты, — деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
ОҚК-да өткен брифингте журналистер балалар алғашқы төлемдерді қашан алатынын сұрады.
— Алғашқы есептеулер 2024 жылдың 1 ақпанында түседі. Неге? Бағдарлама 2024 жылдың 1 қаңтарында басталады, содан кейін бір балаға шаққандағы соманы анықтау үшін есептеулер жүргізуге бір ай қажет болады. Бұл қарапайым арифметика — 18 жыл ішінде инвестициялық кірістің 50 пайызы қатысушылардың санына бөлінеді — 18 жасқа дейінгі балалар. Бұл бір балаға шаққандағы соманы анықтайды және бұл есептеу келесі жылдың 1 ақпанында жүргізіледі.
1 ақпаннан кейін 18 жасқа толғандар ақшаны алу үшін платформа арқылы өтініш беруге құқылы, — деп түсіндірді Темірбеков.
Бұл ретте ол барлық балаға – 17 жасқа толғандарға да, бір жасқа толғандарға да бір сома түсетінін нақтылады.