СҚО-да заңсыз айналымнан 7 тегіс ұңғылы қару тәркіленді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО полицейлері азаматтық қару иелері арасында 830-дан астам құқықбұзушылықты анықтады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Петропавл қаласының 41 жастағы тұрғыны «102» пультіне үйді жөндеу кезінде мылтық тапқаны туралы хабарлады. Қару фортепиано корпусының қақпағының астында жатқан. Тексеру көрсеткендей, «ТОЗ-БМ 16» калибрлі мылтық тіркелмеген және қылмыстық есепке алынбаған қару болып шықты. Полицияға мылтық туралы хабарлаған әйел қылмыстық жауапкершілікке де, әкімшілік жауапкершілікке де тартылмайды.

Облыста «Қару» жедел алдын алу іс-шарасы барысында заңсыз айналымнан 7 бірлік тегіс ұңғылы қару тәркіленді. Сондай-ақ ерікті түрде тапсырылған 9 жауынгерлік мылтық патроны қабылданды. Полицияға тұрғындар өз еріктерімен тапсырған 13 тіркелмеген қару қабылданып, тексерілді.

– «Қару» шарасы аясында тәртіп сақшылары аулаларды және пәтерлерді аралап, қаруды сақтау шарттарын тексерді. Нәтижесінде 838 құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Олардың қатарында тіркелген қаруды сақтау ережелерін бұзғаны үшін – 507, қайта тіркеу мерзімдерін бұзғаны үшін – 238, азаматтық қаруды заңсыз сақтағаны үшін – 93 құқық бұзушы бар, – деп атап өтті СҚО ПД әкімшілік полиция басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Құрман Мусин.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz