Астаналық келіншектен синтетикалық есірткі тәркіленді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері синтетикалық есірткі таратуға қатысы бар күдікті әйелді ұстады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Өткен жылдың желтоқсан айында полицейлер Набережный көшесінің бойында «Hyundai Elantra» автокөлігін тоқтатты. Теміртұлпар салонында Астана қаласының 43 жастағы тұрғыны отырған. Ол Петропавл қаласында уақытша тұрған. Әйелден 80 түйіншек тәркіленді. Сараптама нәтижесіне сәйкес бұл зат мефедрон синтетикалық есірткісі болып шықты. Оның тұрғылықты мекенжайынан да есірткі мен буып-түю құралдары табылды. Тәркіленген заттың жалпы салмағы 0,5 келіден асты. Бұның 247,8 грамы – мефедрон және 322,36 грамы – α-PvP есірткісі.

– Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Жедел уәкілдердің ақпараты бойынша интернет-дүкендегі кураторлары күдіктіні буып-түюші ретінде Петропавл қаласына жіберген. Әйел 2 ай жұмыс істеген. Алынған есірткі партиясы облыста тәркіленген ең ірі синтетикалық есірткі партияларының бірі, – дейді СҚО ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Руслан Сапаров.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz