Полицияға қызметкеріне шабуыл жасаған ауыл тұрғыны сотталуы мүмкін

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

СҚО-да полиция қызметкеріне шабуыл жасағаны үшін ауылдың жас тұрғыны сотталуы мүмкін, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Қазанның 20-сы күні кешке қарай СҚО Ақжар ауданының полиция бөліміне мейрамханаға келген азаматтардың бірі төбелес шығарды деген қоңырау келіп түсті. 23 жастағы жергілікті тұрғын шақыртуға келген полиция қызметкерлерінің көзіне түсті. Медициналық куәландыру нәтижесі орташа күйдегі алкогольдік масаңдықты көрсетті. Жас жігіт уақытша ұстау бөлмесіне орналастырылды. Оған қатысты материал жинау барысында дөрекілік көрсетіп, жанжал шығара бастады. Полиция қызметкерлерінің жанжалды доғару туралы заңды талабын елемей, ашу үстінде тәртіп сақшыларының бірінің басына соққы жасаған.

– Полиция қызметкерлері тұрғынның қолына кісен салуға мәжбүр болды. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 380-бабының 3-бөлігі бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Бұл бапта билік өкілінің өз қызметтік міндеттерін атқаруына байланысты не қызметтік міндеттерді орындағаны үшін одан кек алу мақсатында оған немесе оның жақындарына қатысты себептер бойынша өмірге немесе денсаулыққа қауіпті емес күш қолдану көрсетілген. Баптың санкциясына сәйкес 4 мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстары не 1 мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не 2 жылдан 4 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру көзделген, – дейді аудандық ПБ бастығы Еркін Махметов.

Бұдан бөлек, ауылдағы мейрамханада бұзақылық әрекеттерін жасағаны үшін ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 293-бабы бойынша іс қозғалды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz