СҚО әкімі Ұлттық ұлан академиясы мен облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментке барды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов Ұлттық ұлан академиясы мен  облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментте болды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бүгіндері жоғары әскери оқу орнында 800-ге жуық курсант білім алып жатыр. Оларға 100-ден аса білікті маман сабақ береді. Нысанды аралаған өңір жетекшісіне әскери білім ордасында жасалған жағдай мен бүгінгі ахуал  баяндалды.

Академия жалпы ауданы 9,8 гектар жерді алып жатыр. Оның ішінде оқу корпусы, техникалық зона, автотұрақ сияқты бөлімдері бар. Мұндағы төрт батальонның әрқайсысының штатында 220 адамнан бар. Бұдан бөлек курсанттарға арнайы техниканы басқаруды үйрететін зертханалық корпус жұмыс істейді. Ал академияның атыс алаңы осыдан 4 жыл бұрын салынған. Заманауи қондырғылармен жабдықталған алаңда мергендіктерін шыңдайды.

Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов облыстық қорғаныс істері жөніндегі департаментке  де барды. Департамент мамандары жұмыс істейтін ғимараттың ескі терезелері жылу ұстамайды, ішкі бөлмелердің де жағдайы мәз емес. Кездесу барысында ғимаратты күрделі жөндеу жұмыстары  көптен бері кешіктіріліп жатқаны айтылды. Жұмыстың жобалық-сметалық құжаттамасы 2021 жылы жасалып қойған.  Облыс әкімі аталған мәселені шешуде көмек көрсететінін айтып, уәдесін берді.

Сонымен қатар кездесу барысында жастарды әскерге шақыру жайы да сөз болды.

–Жылына мыңға жуық жас әскерге шақыртылады. Облыстық медициналық комиссиядан 5 мыңға жуық жас өтеді. Жігіттердің арасында көздің нашар көруі мен жалпақтабандылық жиі кездеседі, – дейді департамент басшысының орынбасары Марат Каримов.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz