Петропавлда алаяқ әйел сотталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда ешқайда жұмыс істемейтін әйел бірнеше жыл бойы таныстарын алдап, солардың есебінен күн көріп келген. Тергеу барысында алаяқтықтың 10 эпизоды анықталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 30 жастағы әйел түрлі себептерді сылтау етіп қарызға ақша сұрап келген, әрі өзін табысты кәсіпкер ретінде таныстырған. 2019 жылы келіншек жәбірленушілердің бірін сендіріп, шұғыл түрде жылжымайтын мүлік аламын деп ақша сұрап алған. Алданып қалатынын білмеген әйел пәтерін кепілге қойып, ірі сомада несие алады. Салдарынан 12 млн теңге шығын шекті.

Петропавл қаласының полиция басқармасының тергеушілері күдіктінің қылмыстық әрекетін тергеу барысында 45 мың теңгеден бірнеше миллиондаған теңгеге дейін шығын келтірілген алаяқтықтың 10 эпизодын анықтады. Жәбірленушілердің көпшілігі оған сеніп, қанша жыл өтсе де берген қарыздары қайтарылады деп ойлаған. Полицияға тек төртеуі ғана жүгінген.

Өзгелердің ақшасына күн көруді әдетке айналдырған әйел 2023 жылдың көктемінде кондитерлік өнімдер мен жидектерден құралған гүл шоқтарын сату туралы хабарландыруларды интернет кеңістігінде орналастыра бастаған. Клиенттердің біріне тапсырысқа сай келмейтін тәтті гүл шоғын жіберген. Енді бір адам ақшасы төленіп, уәде еткен тауарды мүлдем алмаған. Осылайша тағылған айыпқа интернет алаяқтықтың екі эпизоды қосылды.

Биыл наурызда Петропавл қалалық соты алаяқ әйелді 4 жылға бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындап, келтірілген шығынды өтеуге міндеттеді. Үкім заңды күшіне енді.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz