Облыста тарихи-мәдени ескерткіштер табылды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Көктем-күз мезгілдері аралығында облыста 300-ден астам жаңа тарихи мәдени ескерткіш анықталып, картаға салынды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бұл жұмыс өңірдегі ескеркіштердің электронды мәліметтер қорын жасақтап, картаға енгізу мақсатында атқарылды. Құрылған 3 арнайы жасақ барлау-іздестіру шараларын өткізіп, 300-ден аса тарихи-мәдени ескерткішті анықтады. Оның 50-ден астамы саман және тастан жасалған үйлер, 3 көне мешіт бар.

«Мәдени-тарихи үрдіс контекстіндегі Солтүстік Қазақстан: тас дәуірінен бастап қазіргі заманғы этнографияға дейін» атты жоба аясында Ә. Х. Марғұлан атындағы Археология институтының зерттеушілері М.Қозыбаев университетінің студенттерімен бірлесе облыстың Айыртау, Ғ. Мүсірепов атындағы, Есіл, Жамбыл, Мамлют, Тимирязев және Шал ақын аудандарын зерттеген.

– Барлау-іздестіру жұмыстарының нәтижеснде тас дәуірінің ескерткіштері, қола дәуіріндегі қоныстардың орны табылды. Ерте темір дәуірі ескерткіштерінің ішінде қорымдар, обалар да бар. ХVIII-XIX ғасырдың этнографиялық ескерткіштері, қазақтың қыстаулары анықталды. Барлығы картаға салынды, – дейді Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының жетекші ғылыми қызметкері Жанболат Өтебаев.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz