Петропавлда өзін-өзі жариялаған халықтық жұмысшылар кеңесін құрушыларға қатысты сот процесі басталды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Естеріңізге салсақ, оқиға осы жылдың наурыз айында орын алды. Сол кезде Солтүстік Қазақстан университетінің колледж ғимаратында өздерін КСРО мұрагерлері ретінде көрсеткен Петропавлдың 19 тұрғыны жиналыс өткізіп, онда Қазақстан Республикасынан тәуелсіз Петропавл еңбекшілерінің халық кеңесін құру туралы мәлімдеді.
Кейін прокуратурада айтылғандай, жиналыс барысында олар халық кеңесінің мүшелері Қазақстан мемлекетінің заңдарын мойындамайтынын және оның тәуелсіздігін жоққа шығаратыны туралы декларацияға қол қойды.