Көктайғақтың салдарынан 63 адам жарақаттанды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда қар аралас жаңбыр жауып, ауа райының күрт суытуымен жолдар мен жаяу жүргіншілер жолдарын мұз басты. Салдарын алғашқылардың бірі қала тұрғындары сезінді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Соңғы үш күнде Петропавлдағы травматологиялық орталыққа 180 адам жүгінді, оның 63-і көктайғақтың салдарынан түрлі дене жарақаттарын алды.

– Негізінен егде жастағы және еңбекке жарамсыз жастағы адамдар жарақат алуға бейім. Әдетте олар аяқ, қол сынуымен, иықтың шығуы және көптеген гематомалармен шағымданады. Үш күннің ішінде көктайғақтан жапа шеккен 3 азамат ем қабылдау үшін ауруханаға жатқызылды. Қалғандарына алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, ұсыныстар берілді. Олар үйлеріне жіберілді, — дейді қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасының травматологиялық орталығының меңгерушісі Валерий Грибашов.

Дәрігердің сөзінше, аяқ-қолдарын жарақаттаған науқастар 4-6 апта бойы үйде болуы шарт. Сондай-ақ міндетті түрде дәрігерлердің қабылдауына келіп, қаранулары қажет.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz