Көктайғақтың салдарынан 17 жол-көлік оқиғасы тіркелді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Өткен тәулікте облыс жолдарында 17 жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Петропавл жолдарында соңғы екі күнде 29 жол-көлік оқиғасы тіркелді, оның 17-сі-соңғы тәулікте орын алды. Зардап шеккендер жоқ.

– Жүргізу тәжірибесі аз жүргізушілерге арналған негізгі ұсыныс: қараңғыда ұзақ сапарлардан бас тарту. Автокөліктерді қысқы резеңкемен жабдықтаудың маңыздылығын, басып озудан және күрт маневрлерден бас тарту, жаяу жүргіншілер өткелдерінің жанында жылдамдықты төмендету қажет екенін еске саламыз. Жарықтандыру құрылғыларын таза және дұрыс ұстау керек және тәуліктің кез келген уақытында — фаралармен жүру керек. Тәжірибесіз жүргізушілерге көктайғақта, әсіресе ақауы бар көлікпен жүрмегені дұрыс, — деп атап өтті СҚО ПД КҚПҚ бастығы Айдын Байматов.

9 ай ішінде Солтүстік Қазақстан облысының жолдарында 268 жол-көлік оқиғасы тіркелді, салдарынан 34 адам қаза тауып, 386 адам түрлі дене жарақатын алды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz