Петропавлда «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» тақырыбында жас мұғалімдердің облыстық форумы өтті. Шараға 100-ден астам маман қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Биылғы форум облыста осымен екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Жиында мұғалімдер оқытудың жаңа заманғы үрдістерін талқылап, білім саласының білікті мамандары өз тәжірибелермен бөлісіп, жастарға бағыт-бағдар берді.
Жыл сайын өңір мектептері 400-ге жуық жас ұстазбен толығады. Бүгінде облыстағы мұғалімдердің 15 пайыздан астамы «жас маман» санатына кіреді екен.