Жыл басталғалы Петропавлда жасөспірімдер жасаған 23 қылмыс тіркелді. Оның тең жартысы тонау фактілері болып табылады, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Қалалық полиция басқармасы бастығының бірінші орынбасары Әлібек Ғабдулиннің айтуынша, әдетте қылмысқа полиция есебінде тұрған балалар барады. Бұл статистиканы төмендету мақсатында тәртіп сақшылары №17 ұлттық өркендеу орта мектеп-кешеніне барып, мұғалімдер тілдесті.
Әлібек Ғабдуллин оқу орындарарында буллингтің, алаяқтықтың таралуының қаупі жайлы хабардар етті. Жуырда СҚО-да кәмелетке толмаған жасөспірім дроппер болғаны, яғни алаяқтардың әккі әрекетіне қатысқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны туралы айтып, оқушылармен түсініктеме жұмысты жүргізу қажеттігін алға тартты.