СҚО-да аудан әкімдерінің сайлауы өтуде

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Бүгін облыста үш ауданның әкімі сайланбақ. Дауыс беруге 113 ауылдың тұрғыны ниетті,  деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

СҚО сайлау комиссиясының мәліметінше, Есіл, Мамлют және Тимирязев аудандарының әкімдерін 36 мыңнан астам адам сайлайды.

Бұл науқанда облыстық сайлау комиссиясы, 3 аудандық аумақтық комиссия мен 84 участкелік сайлау орны жұмыс істеп жатыр. Жалпы, участкелік сайлау комиссияларына 440 адам мүшелік етеді.

— Өңірде бастапқыда 12 кандидат болды. Олардың 6-ауы партия атынан түссе, қалған 6-сы өз-өзін ұсынған. 12 кандидаттың біреуі мемлекеттік қызмет туралы заңның талаптарына сай келмеді, екіншісі қажетті құжаттарды толық ұсынған жоқ. Сондықтан осы 12 кандидаттың тек 10-ы тіркелді, бірақ кейін екеуі өз еркімен кандидатурасын алды. Бүгін Есіл ауданында сайлаушылар екі кандидатқа, Мамлют және Тимирязев аудандарында үш кандидатқа дауыс беріп жатыр, — дейді СҚО сайлау комиссиясысының мүшесі Сағындық Рахымжан.

СҚО-дағы пилоттық аудандарда сайлау қалыпты өтіп жатыр. Мәселен Мамлютка ауданындағы №324 сайлау учаскесінде 1 614 адам дауыс беруі керек, олардың 35-і мүгедектігі бар жандар. Комиссия мүшелері оларға үйлеріне барып, таңдау жасауға мүмкіндік берді.

Аудандағы кей сайлау учаскесінде концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Жалпы халық науқанға белсенді қатысып жатыр.

— Жаңа Қазақстанның» ерекшелігін өзіміз байқап жатырмыз. Аудан әкімдерін халық бұған дейін сайлаған емес. Тұрғындар сенім артып дауыс бергеннен кейін әкімдердің жауапкершілігі арта түседі, әрі білетін, қолынан іс келетін адамды таңдаймыз. Ауданда біраз шаруа атқарылғанымен, шешімін күткен мәселе де баршылық, — дейді Мамлют ауданының құрметті азаматы Қуандық Кенжібаев.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz