Ел халқы үкімет отырысының онлайн-трансляциясы кезінде пікір білдіре алады

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметінің регламентіне өзгерістер мен толықтырулар енгізетін үкімет қаулысын әзірледі, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.

 

Атап айтқанда, жаңа өзгеріс бойынша, отырыстар онлайн-трансляциялауды қамтамасыз ете отырып ашық әрі мемлекеттік тілде, қажет болған жағдайда орыс тілінде жүргізіледі.
Президенттің немесе премьер-министрдің бастамасы бойынша жабық отырыстар өткізілуі мүмкін.
Құжатта қол жеткізу шектелген ақпаратты қоспағанда, Үкіметтің ашық отырысының қорытындылары отырыс өткізілген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде интернет-ресурста орналастырылатыны жазылған.
— Онлайн-трансляция жүргізу кезінде азаматтарға пікірлер қалдыруғамүмкіндік беріледі, – делінген құжатта.
Қаулы 2024 жылғы 4 сәуірден бастап күшіне енеді.
Құжат 20 қарашаға дейін қоғам болып талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz