Петропавл кинотеатрларында «Бүркіт» фильмі көрсетілуде

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Петропавлда толықметражды «Бүркіт» фильмінің тұсаукесері өтті. Туындының режиссері – Данияр Ибрагимов, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Арнайы жасақтың жұмысы көрсетілген  фильмді тамашалауға Ұлттық ұлан академиясының курсанттары мен офицерлері және әскери қызмет ардагерлері шақырылды. Бұл кинокартина Мәдениет және ақпарат министрлігінің тапсырысы бойынша  Ұлттық киноны қолдау мемлекеттік орталығының қаржыландыруымен түсірілген.

— Ұлттық ұлан академиясы – Қазақстан Қарулы күштері  және «Бүркіт» сияқты ерекше бөлімшелердің кадрларын даярлайтын  оқу орны. Курсанттар мен аға буын өкілдері туындыны ерекше ықыласпен тамашалады. Бұл киноның түсіріліміне арнайы жасақ, әскери техника және авиация, сондай-ақ екі жүзден астам белсенді әскери қызметші қатысқан. Жедел-іздестіру шаралары арқау болған картинаның кейбір эпизодтары шынайы оқиғаларға негізделген, — деді академия бастығының орынбасары Нұртай Бектұрсынов

Фильмнің басты кейіпкерлері – арнайы жасақтың 3 сарбазы. Олар «күрең берет» кию үшін ең ауыр сынақтардан өтеді. Туынды көрерменнің көңілінен шығу үшін режиссер жедел-іздестіру шаралары сияқты күнделікті оқиғаларға басымдық беріпті. Фильмге Дәурен Серғазин, Санжар Мәди, Асылхан Төлепов, Гүлнәз Жоланова, Әсел Сағатова, Жандос Айбасов және Азамат Сатыбалды сынды еліміздің танымал актерлері түскен.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz