Облыста СПИД-тен екі адам қайтыс болды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Жыл басынан бері облыста 116 сырқатқа адамның иммун тапшылығы вирусы диагнозы қойылды, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Облыстық ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес орталығының директоры Айман Сыздықованың айтуынша, қауіпті вирусты  жұқтырғандардың екеуі – шетел азаматы, қалғандары ел тұрғындары. Қазіргі уақытта  осы дертке шалдыққан 1468 адам орталықта есепте тұр.

— Ауырғандардың  дені негізінен 40-49 жас аралығындағылар. Қауіпті вирусты ер адамдар жиі  жұқтырады. Есепте тұрғандардың 64 пайызы — ерлер. Адамның иммун тапшылығы вирусы, яғни ВИЧ жұқтырған балалар да бар, 14 жасқа дейінгі 12 балаға осы диагноз қойылған. Айта кететін жайт, соңғы екі жылда балалар арасында вирусты жұқтырудың жаңа жағдайлары тіркелген жоқ, — дейді Айман Сыздықова.

Маманның айтуынша, ВИЧ-тен емделмеген жағдайда ол жүре пайда болған иммун тапшылығының синдромына, яғни, аурудың соңғы сатысына ұласуы мүмкін. Биыл өңірде СПИД-тен екі адам қайтыс болды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 4 адамға аз.

ВИЧ-ті облыстың медициналық ұйымдарында жұқтыру фактілері тіркелген жоқ.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz