Жерлестеріміз полиатлоннан өткен ел кубогында жүлдегерлер қатарынан көрінді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Қарағандыда жазғы полиатлоннан ел кубогы өтті. Жарысқа М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері мен түлектері қатысты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Ел кубогында өңір намысын бес солтүстікқазақстандық қорғады. Жерлестеріміз 100 метр және 3 километрге (қыздар 1 километр) жүгіріп, жүзу, граната лақтыру және пневматикалық қарудан нысана көздеу сынды 5 спорт түрінен сынға түсті. Нәтижесінде 6 жүлделі орынға ие болды. Оның – үшеуі алтын, екеуі күміс және біреуі қола медальдар.

Никита Изотин пневматикалық қарудан нысана көздеу және жүзуден өзінің жеке рекордын жаңартып, алтыннан алқа тағынды.  Ақтари Жоламан  бірінші және үшінші орындарға қол жеткізді. Жоғары оқу орнының түлегі Ольга Вернер 35-39 жас аралығындағы спортшылар арасында бас жүлдені иеленді. Артем Батрак пен Арсен Хамзин ел кубогының күміс жүледегерлері атанды.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz