Облыстық көпсалалы аурухананың мәліметінше, қазанның 13-і күні емдеу мекемесіне пойыздың астына түскен тұрғын жеткізілді. Дәрігерлер бес сағат бойы науқастың өмірі үшін күресті, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz.
– Науқас өте ауыр халде жеткізілді. Оны бірден жансақтау бөліміне жатқызып, ота жасауға дайындадық. Нейрохирургтер Руслан Кремнев пен Балхар Шатуев облыс тұрғынының өмірін сақтап қалды. Сондай-ақ зақымданған тірек-қимыл аппараты қалыпқа келтірілді, — дейді облыстық көпсалалы аурухананың баспасөз қызметі.
Алдағы уақытта науқас оңалту курстарынан өтіп, үйіне жіберіледі дейді мамандар.