Мамлют ауданында денсаулық сақтау саласына 11 маман жетіспейді

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

Мамлют ауданында денсаулық сақтау саласында кадр тапшылығы байқалады. Биыл ауданның емдеу мекемелері 11 дәрігермен толықса да, мәселе шешілмей отыр, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Мамлют ауданының әкімі Елена Степаненконың айтуынша, биыл денсаулық саласының материалдық-техникалық базасын жаңартуға бюджеттен 23 млн. теңге бөлінді. Сондай-ақ Мамлют аудандық аурухананың терапия және хирургия бөлімшелерін жөндеуге, Леденево ауылында медициналық пунктің құрылысына 66,8 млн. теңге бағытталды.

– Ауданға 7 дәрігер қажет. Әзірге екі хирург, кардиолог, онколог, психиатор-нарколог, терапевтер жетіспей отыр. Бұған орта санаттағы 4 медицина қызметкер керек. Егер бұл мамандар бізге келсе, кадр тапшылығы мәселесі жойылады, — дейді Елена Степаненко.

2024 жылы ауданның Новомихайловка және Покровка ауылдарында 2 фельдшерлік-акушерлік пункт және Бостандық пен Бексейітте медициналық көмек көрсететін емдеу мекемелерін салу жоспарда бар.

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Аманжол Нұртазин, aman_nurtazin@mail.ru

Тілші:

Мадина Нуркина, +77057396494, Nurkinamad@mail.ru

SMM-менеджер:

Айжана Шайкенова,

+77782191267

nadyasaf070@gmail.com

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz