СҚО-да заңсыз 198 қоқыс полигоны анықталды

Авторы: Аманжол НҰРТАЗИН

«Қазақстан ғарыш сапары» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы өкілдерінің мәліметі бойынша биыл Солтүстік Қазақстан облысында қоқыс қалдықтарын төгетін 274 орын анықталды. Оның 198-і заңсыз болып шықты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы «Amanat» партиясы облыстық филилалы жанындағы экологиялық кеңес пен партиялық бақылау комиссиясының бірлескен отырысында айтылды. Жиында өңірдің экологиялық жағдайы талқыланып, көтерілген мәселелердің шешу жолдары қарастырылды. СҚО бойынша экология департаментінің басшысы Азамат Бектасовтың мәліметінше өңірде 267 заңсыз полигон жойылды.

– Жалпы облыс аумағында қатты тұрмыстық қалдықтарды төгуге арналған 453 орын қарастырылған. Оның 102-сінде жер актілері жоқ. Рұқсат құжаттамасы тек өңірдің 11 полигонында ғана бар, — деді СҚО экология департаментінің басшысы Азамат Бектасов.

Өңірде осы мәселеге қатысты арнайы мобильді топ құрылған. Оның құрамына полицейлер, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының өкілдері және экология департаментінің қызметкерлері кіреді. Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары  Александр Розбахтың сөзіне қарағанда, арнайы жұмыс тобы аймақта рұқсат етілмеген  61 қоқыс орнын анықтаған.

– Соңғы 10 айда 13431 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Оның ішінде 2503-і ҚР ӘҚБтК-нің 434-2-бабы (жалпы пайдалану орындарының ластануы) бойынша болса, қалған 10928-іне ҚР ӘҚБтК 505 бабы бойынша (абаттандыру ережелерін бұзу) бойынша хаттама толтырылды. Оларға жалпы сомасы 44 546 385 теңгеге әкімшілік айыппұл салынды. Оның 26 124 884 теңгесі өндірілді,- деді Александр Розбах.

Жиын барысында пайданылған уран кен орындары мәселесі туралы да айтылды. Экология департаменті өкілдерінің мәліметінше, «Солтүстік Қазақстан облысының 2020-2025 жылдарға арналған экологиялық проблемаларын кешенді шешу жөніндегі жол картасы» шеңберінде Айыртау және Ғабит Мүсірепов аудандарында қорғаныс қоршауларын қалпына келтіру және радиациялық қауіпсіздік белгілерін орнату жұмыстары жүргізілген.

 

Ұқсас жаңалықтар

Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінде 2022 жылғы 20 қаңтарда тіркеліп, №KZ76VPY00045027 куәлігі берілген.

Меншік иесі:  

СҚО әкімдігінің «Қызылжар-Ақпарат» ЖШС.

Яндекс.Метрика

Директор —

Ербақыт Амантайұлы

Сайттың бас редакторы —

Марат Шынтеміров, 

333marat@rambler.ru

@2022 — Designed and Developed by qyzyljarnews.kz