Облыста қазан айының соңында жоғалып кеткен ер адамның мүрдесі табылды. Осы уақыт ішінде оны полицейлер мен еріктілер іздеді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
СҚО полиция департаментінің мәліметінше, 27 жастағы ер адам 24 қазаннан бастап байланысқа шықпаған.
Еріктілер ұйымының мәліметі бойынша, жас жігіт ағаш кесуден кейін Есіл және Александровка ауылдарына қарай жол алған. Кейін оны ешкім көрмеді.
— Полиция қызметкерлері іздеу шараларын жүргізді. Барлық бөлімшелерге бағдарлар жіберілді. 8 қарашада Есіл ауданының орталығынан 50 шақырым жерде орман алқабынан ер адамның мүрдесі табылды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды, — деп түсіндірді мамандар.