«Amanat» партиясының «Жастар рухы» жастар қанатының мүшелері «Вандализмге жол жоқ» экологиялық акциясын өткізді, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Акция қатысушылары «Мәңгілік алау» монументінің аумағын тазартты. Бұған дейін жастар «Qyzyljar» арт-орталығының маңын ретке келтірген болатын. Бұл республикалық тазалық шарасы ел көлемінде қазанның 20-нан бастап өткізіліп келеді.
– Бұл экологиялық акция жастардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік рухын қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылып отыр. Өкінішке қарай, Мәңгілік алау маңы күл-қоқысқа толған. Тіпті, түрлі жазуларды жазып кеткен. Біз оның бәрін жуып, тазалап шықтық. Аталған шара алдағы уақытта да жалғасын табады,- дейді «Жастар рухы» ЖҚ СҚОФ төрағасы Біржан Құдайбергенов.