Ұлттық қауіпсіздік комитеті облыстық департаменті мен «Бүркіт» арнайы жасағы бірлесіп ұйымдастырған операция кезінде 6637 әскери бөлімінің жүргізушісі қаза тапты, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі Ratel.kz сайтына сілтеме жасап.
Әскери қызметші Ғабулов абайсызда оқ атып, сержант Виталий Чужиковты жарақаттаған. 1985 жылы туған Виталий Николаевич Петропавл көпсалалы жұқпалы аурулар ауруханасына ауыр халде жеткізілген. Ақхалаттылар оны ажалдан арашалап алып қала алмады.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда. Қызметтік тергеуді әскери бөлімнің командирі жүргізеді.