Петропавлда жастар мен жасөспірімдер арасында ел біріншілігі өтіп жатыр. Жарысқа Қазақстанның 16 қаласынан 16 команда қатысуда, деп хабарлайды Qyzyljarnews.kz тілшісі.
Жастар сарайында тоғызқұмалақтан ел чемпионаты басталды. Биылғы республикалық турнирге 16 командадан 445 бала қатысуға ниет білдірді. Жарыс қарашаның 19-на дейін жоспарланған. Оған дейін жастар арасында және жасөспріміде санатында үздік ойыншылар анықталады.
— Әр команда 4 ойыншымен (2 қыз, 2 ұл) келді. 9-15 жас аралығындағы спортшылар жасөспірімдер санатында сынға түссе, 17-ден 21 жасқа дейінгілер жастар қатарында мықтыны анықтайды. Жарыс қорытындысы бойынша үздіктер ұлттық құрамаға кіруге мүмкіндіктері бар, — дейді тоғызқұмалақтан облыстың аға бапкері Талғат Жансейітов.
Қарашаның 19-ы күні үздік командалар анықталып, оларға дипломдар, кубоктар мен медальдар табысталады.